Орталық алаңда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Green City Day» экологиялық интерактиві өтті. Іс-шараға қала тұрғындары, жастар мен еріктілер қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түрлі тапсырмаларды орындады
Интерактив мақсаты – әр тұрғын мен жастардың бойында экологиялық мәдениетті ояту, табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйрету. Сонымен қатар, бұл «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдауға бағытталған қадамдардың бірі
СНХР: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА , ЖАСТАР САЯСАТЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Интерактив барысында қала тұрғындары үш станциядан өтті. Алдымен, «Эко-викторинада» сұрақтарға жауап берсе, «Тілек ағашына» өздерінің ой-тілектерін қалдырып, қоқыстарды сұрыптауды үйренді. Ойын соңында белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды
СНХР: БАЛЖАН СМАҒҰЛОВА - АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ
Дәстүрге айналған экологиялық акция ауқымы кең. Бағдарлама аясында дәстүрлі сенбіліктерден бөлек, тақырыптық эко-сағаттар, шеберлік сыныптары, квесттер мен ағаш егу шаралары да жиі ұйымдастырылады.