№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде жазғы сауықтыру алаңқайы өз жұмысын бастады. Балалар үшін концерттік нөмірлер, қызықты ойындар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Жазғы лагерь жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қолға алынған. Оның басты мақсаты - демалыс кезінде оқушылардың уақытын мазмұнды, қауіпсіз әрі белсенді өткізуін қамтамасыз ету.

Биыл жазғы сауықтыру алаңына жүзге жуық оқушы қатысады. Балалардың күндізгі уақытта демалуына бар жағдай жасалып, екі мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылған. Ауысым барысында балалармен бірге тәрбиешілер, дене шынықтыру мұғалімдері және медицина қызметкері жұмыс істейді.

СНХ: ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Жазғы сауықтыру алаңындағы әрбір күн белгілі бір тақырыпқа арналып, жаңа іс-шаралармен ерекшеленбек. Балалар үшін зияткерлік ойындар, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар мен танымдық кездесулер дайындалған. Сонымен қатар, оқушылардың бойында азаматтық жауапкершілік, отансүйгіштік, үлкенге құрмет және табиғатты аялау сияқты құндылықтарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

СНХ: АЙГҮЛ ЖҮСІПОВА — №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жазғы алаң балаларға ұмытылмас жарқын әсер сыйлап, жаңа достар табуға және білім көкжиегін кеңейтуге көмектеседі.