Петропавлдағы Оқушылар сарайында «KazRobotics» қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы мен қалалық білім бөлімінің қолдауымен «ROBOBALAPAN – 2026» республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтті. Ауқымды додаға еліміздің әр өңірінен келген 4–6 жас аралығындағы балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

Байқаудың финалдық кезеңіне Астана қаласы, Қарағанды, Абай, Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан іріктелген 12 үздік команда жолдама алды. Жалпы саны 60 қатысушы өз жобаларын қорғады. Әр команда белгілі бір саланы таңдап, авторлық жобаларын ұсынды. Қатысушылар көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина, пайдалы қазбаларды өндіру секілді бағыттар бойынша тың идеяларын ортаға салды.

СНХР: АЙЖАН ЖАКЕЕВА, «KAZROBOTICS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Қарағандылық «Робознайки» командасы көмір шахтасының макетін әзірлеп әкелген. Облыстық кезеңде 10 команданың ішінен үздік шыққан бүлдіршіндер мен ата-аналары бұл жолы республикалық байқауда бақ сынады.

СНХР: ЖАНДОС ӘБІКЕЕВ, ҚАТЫСУШЫ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ

Ал ақтөбелік «Батырлар» командасы «Ақ бордан – экоәлемге» атты жобасын таныстырды. Жоба идеясы 2024 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында болған су тасқынынан кейін пайда болған. Сол кезде су басқан аумақтағы уақытша өткелдер жергілікті ақ бордың көмегімен жасалған. Балалар осы табиғи материалдың мүмкіндігін зерттеп, оны түрлі салада қолдану жолдарын ұсынған.

СНХР: ГҮЛНОЗА ШАМҰРАТОВА, ҚАТЫСУШЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Айта кетейік, «ROBOBALAPAN» байқауы алғаш рет Петропавл қаласында бастау алып, бүгінде республикалық деңгейдегі маңызды шығармашылық алаңға айналды.