Qyzyljar Creative Center алаңында аймақтың салт-дәстүрін, заманауи өнері мен креативті индустриясын тоғыстырған ауқымды «ETHNOFESTIVAL» отбасылық фестивалі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қала әкімдігі, мәдениет басқармасы, «AMANAT» партиясының СКОФ, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, сондай-ақ СҚО Полиция департаменті қолдау көрсетті.
Жобаның басты мақсаты — Солтүстік Қазақстан облысының этномәдени мұрасын креативті технологиялар призмасы арқылы сақтап, дәріптеу. Мұнда келген қонақтар аймақтың мәдени кодын заманауи бизнесте ілгерілетіп жүрген қолөнершілер, дизайнерлер мен суретшілердің туындыларымен танысты.
СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, «QYZYLJAR CREATIVE CENTЕR» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Сонымен қатар, фестиваль аясында шығармашылық қауымдастық пен туристерге арналған ауқымды интерактивті бағдарлама ұйымдастырылды. Келушілер кесте тоқу, әшекей бұйымдар жасау және ұлттық ою-өрнекті қолдану бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.
Іс-шара аясында жанды дауыста әндер шырқалып, мың бұралған бишілер өз нөмірлерін ұсынып, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қоса, белгілі дизайнерлер Татьяна Кондрашова мен Айжан Колчинаның этникалық киімдер топтамасы көрермен назарына ұсынылды.
Фестиваль аясында бір ай бойы үлгілі отбасыларды таныстыру мақсатында бейнебаян байқауы қорытыланды. Қазылар алқасының шешімімен ең үздік деп танылған 6 аталым мен бас жүлде иегері анықталып, арнайы сертификаттармен және сыйақылармен марапатталды. Бас жүлдеге Құсайыновтар отбасы ие болды.
СНХР: АРАЙЛЫМ КУСАИНОВА, ҚАТЫСУШЫ
Сондай-ақ, креативті орталықтың алаңында этно-жәрмеңке, VR-алаң мен ұлттық ойын аймақтары ұйымдастырылып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.