Петропавл қаласында үстел теннисінен 2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам жас спортшы жиналды. Жарыс 7 -ші маусымға дейін жалғасады.
Чемпионатқа 19 ұлдар және 16 қыздар командасы қатысуда. Спортшылар командалық, жеке, жұптық және аралас жұптар арасындағы сайыстарда бақ сынайды. Турнир жас теннисшілердің шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
СНХ: АЙМАН ҚАПАРОВА, БАС ТӨРЕШІ, АСТАНА ҚАЛАСЫ
Түркістан қаласының тұрғыны Назерке Болатбек үстел теннисімен алты жылдан бері кәсіби түрде айналысып келеді. Спорттың бұл түріне оны әкесі баулыған, әрі қазіргі таңда жеке бапкері де сол кісі. Он бір жастағы спортшы халықаралық жарыстарда да табысты өнер көрсетіп жүр. Соның ішінде Катардың Доха қаласында өткен жастар арасындағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанған.
СНХ: НАЗЕРКЕ БОЛАТБЕК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Бүгінде облысымызда үстел теннисі қарқынды дамып келеді. Спорттың бұл түрімен жүздеген бала мен жасөспірім шұғылданады. Облыстық үстел теннисіне мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қазіргі уақытта 260 тәрбиеленуші жаттығып жүр.