Халықаралық балаларды қорғау күнінде Петропавлда дәстүрлі «Бір аспан, бір әлем» атты өнертапқыштар байқауы өтті. Жас өнертапқыштардың туындылары, олардың сайысқа дайындығы мен алған әсерлері туралы тілші материалынан.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің бойындағы шығармашылық, ойлаптапқыштық қасиеттерін шыңдап, ары қарай дамыту. Байқауға 10 жастан 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатысып, өз кезектерінде өз туындыларына лайық марапатталды.
ЛЮБОВЬ ФОМИЧ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
«Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған ұшқыш-аппараттар сайысқа түсетін іс-шараға бас аяғы 25 жас өнертапқыш қатысты. Қатысушылардың барлығы дерлік облыс орталығының және Қызылжар ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары.
ЕРЕН ХАСАН, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ
Қатысушылар төрт номинация бойынша дипломдармен марапатталды. Айта кеткен жөн, қатысушылар ойлап тапқан аппараттардың қайсысы болмасын мақтауға тұрарлық дейді қазылар алқасының мүшелері.