Өткен жылы SKO HUB резиденттері 30-дан астам жобаны жүзеге асырды. Олардың кейбірі бүгінде инвестиция тартып, нарыққа шыға бастады. Қазір өңірлік IT-хабта солтүстікқазақстандық жастар ойындар әзірлеп, киберқауіпсіздік саласын меңгеріп, өз стартаптарын іске қосуда.
Хабтың перспективті бағыттарының бірі – компьютерлік ойындар әзірлеу клубы. Оның қатысушылары 2D-визуализацияны, 3D-модельдеуді, бағдарламалауды және гейм-дизайнды меңгереді. Солардың қатарында Арғын Қайсарбеков тА бар. Ол өз командасымен бірге Қазақстан тарихына арналған ойын әзірлеуде. Жоба авторлары ойын форматы арқылы жастардың тарихи оқиғаларды оңай әрі қызықты түрде танып-білуіне мүмкіндік жасауды көздейді.
СНХР: АРҒЫН ҚАЙСАРБЕКОВ – SKO HUB ТӘЛІМГЕРІ
Бұдан бөлек сұранысқа ие бағыт – киберқауіпсіздік. CTF-клубында резиденттер ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгеріп, осал тұстарды анықтауды және цифрлық жүйелерді қорғауды үйренеді. Қатысушылар алған білімдерін республикалық жарыстарда сәтті қолданып жүр.
СНХР: ИВАН ТАГ – SKO HUB РЕЗИДЕНТІ
SKO HUB болашақ IT-кәсіпкерлерді де қолдайды. Мұнда Startup Orda 2.0 өңірлік инкубациялық бағдарламасы бастау алды. Үш ай бойы қатысушылар өз жобаларын әзірлеп, сарапшылардан кеңес алады және технологиялық бизнесті құру негіздерін меңгереді. Бағдарламаға IT саласында тәжірибесі жоқ, 16 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Жобаға қызығушылық жоғары – Петропавлда оған қатысу үшін 140-тан астам өтінім түскен.
СНХР: МИЛАН АЛКЕШЕВ – SKO HUB МЕНЕДЖЕРІ
Тек өткен жылдың өзінде SKO HUB қабырғасында 30-дан астам жоба жүзеге асырылды. Олардың бірқатары нарыққа шығып, алғашқы инвестицияларын тартып, табыс таба бастады.