Айыртау ауданындағы Имантау көлінің жағасында экологиялық акция өтті. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға Петропавл қаласынан келген жастар, еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Іс-шара салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Қатысушыларға акцияның мақсаты түсіндіріліп, қоршаған ортаны қорғаудың маңызы айтылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай жұмыстар табиғат аясында демалушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
СНХР: ДАМИР АБДИН – ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Кейін жастар бірнеше топқа бөлініп, көл жағалауын қоқыстан тазалауға кірісті. Қатысушылар тұрмыстық қалдықтар, қамыс, шіріген ағаштар мен пластиктерді жинады. Акция барысында жиналған қалдықтар арнайы орынға жеткізіліп, жалпы салмағы өлшенді. Әр топтың қанша келі қоқыс жинағаны тіркелді. Кейін қалдықтардың барлығы арнайы техникамен қоқыс полигонына жеткізілді.
СНХР: ЖАДЫРА ЖОЛКЕНОВА – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Тазалық акциясынан кейін жастар Имантау көлінің жағасындағы демалыс базасына жиналды. Мұнда қатысушылар бірнеше алаңға бөлініп, тәжірибелік тапсырмалар орындады. Олар топпен жұмыс істеп, экологиялық тақырыптағы сайыстарға қатысты, өз жобаларын әзірлеп, қоршаған ортаны қорғауға қатысты тың бастамаларын ұсынды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге арналған бейнероликтер түсіріп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.
СНХР: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА - СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ «BIRGEMIZ» ВОЛОНТЕРЛІК ФРОНТ-ОФИСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Шара соңында экологиялық акция мен шеберлік сабақтарына белсенді қатысқан жастар марапатталды. Мұндай бастамалар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.