Петропавлдың бас алаңында кішкентай солтүстікқазақстандықтарға арналған ауқымды мереке өтті. Думанды бағдарламаға мыңдаған ұл-қыз қатысты. Олар интерактивті ойындар, шығармашылық және спорттық жарыстар мен викториналарда бақ сынап, және концертті тамашалады. Мерекелік концертті Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының өнерпаздары дайындаған. Сондай-ақ, осы жерде ұйымдастырылған түрлі интерактивті алаңдар да балалардың назарын бірден баурап алды.
Снх: ӘДІЛХАН СЕЙТҚАЗИЕВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Шығармашылық шеберлік сыныптары, танымдық бағдарламалар мен қызықты викториналар. Мұнда әр бала өз қызығушылығына сай іс таба алды. Мерекенің басты мақсаты ересектердің назарын кәмелетке толмағандардың құқықтарына, денсаулығына, білімі мен қауіпсіздігіне аудару. Өйткені, бақытты балалар дені сау әрі өркендеген қоғамның негізі.
Сонымен қатар, балаларға өздерін өртсөндіруші-құтқарушы ретінде сезінуге мүмкіндік берілді. Олар үшін арнайы техникалар көрмесі ұйымдастырылып, бүлдіршіндер нағыз өрт сөндіру көлігі мен өзге де арнайы техникалардың ішіне кіріп көрді.
Снх: АРТЁМ САВИН, СҚО ТЖД ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Балалар үшін бұл үлкендердің ыстық ықыласы мен махаббатына бөленіп, сыйлықтар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған нағыз ұмытылмас мереке болды.