Мектеп асханаларында тамақтануға өтінімдер енді Telegram-бот арқылы қабылданады. Осындай цифрлық жобаны әзірлеген оқушы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында облыс әкімінің қатысуымен өткен халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау барысында өз жобасын таныстырған жастардың қатарында болды.
Балаларды қорғау күніне орай өткен кездесуде облысымыздың 33 үздік оқушысы бас қосты. Халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жасанды интеллекттен бастап өлкетануға дейінгі түрлі бағыттағы өз ғылыми жобаларын таныстырды.
СНХ: БАҚЫТ ҒАБДУЛЛИНА, ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ
Абай мұрасын терең танып, өлең әлеміне еркін бойлаған Мөлдір Сәрсен биылғы оқу жылын үлкен жетістікпен қорытындылады. Жамбыл ауданының талантты оқушысы Алматы қаласында өткен республикалық Абайтану олимпиадасында жүлделі екінші орынға ие болды.
СНХ: МӨЛДІР СӘРСЕН, 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
Мамлют ауданынан келген Эдуард Янцен мектеп асханасына тамақтануға өтінім беруді автоматтандыратын «Асхана бот» жобасын ұсынды. Жас өнертапқыштың бұл бастамасы халықаралық Жолдасбеков атындағы ғылыми жобалар байқауында жоғары бағаланып, үшінші орынға ие болды.
СНХ: ЭДУАРД ЯНЦЕН, -СЫНЫП, МАМЛЮТ АУДАНЫ
Кездесу соңында дарынды оқушыларға облыс әкімінің атынан ақшалай сертификаттар табысталып, олардың жетістіктері жоғары бағаланды.