Петропавлда жас жол қозғалысы инспекторлары жасақтарының облыстық слеті өтті. Байқауға өңірдің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық оқушы қатысты. Олар жол қозғалысы ережелерін білу, велосипедті мәнерлеп жүргізу және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сынға түсті.
Слет №7 орта мектеп базасында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Олардың арасында «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері», «Жас реттеуші», «Жас санитар» және үгітбригадалар сайысы бар. Әр команда өздерінің білімін ғана емес, ұйымшылдығы мен шапшаңдығын да көрсетті.
СНХР: АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ - СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Ұйымдастырушылар мұндай жобалар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады дейді. Шараға арнайы қонақ ретінде Полиция Департаментінің ардагері Сергей Гизбрехт те қатысты. Оның айтуынша, мұндай сайыстар балалардың жол қозғалысы ережелерін терең меңгеруіне және көшедегі тәртіпті сақтауға тәрбиелейді.
СНХР: СЕРГЕЙ ГИЗБРЕХТ – СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АРДАГЕРІ
Мұндай шаралар оқушылардың жол ережелерін терең меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалар арасында жауапкершілік пен тәртіпті насихаттауға бағытталған. Қатысушылардың айтуынша, байқау тек жарыс емес, жаңа достар табуға және тәжірибе алмасуға да жақсы мүмкіндік.
СНХР: РАЯНА ПЕРНЕБЕК – ҚАТЫСУШЫ
СНХР: ВИЛЕН ЗАЙЦЕВ – ҚАТЫСУШЫ
Осындай шаралар арқылы оқушылар жолда дұрыс әрекет етуді үйреніп, өзгелерге де үлгі болады.