Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жаз мезгіліндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша брифинг өтті. Биыл алғашқы үш айда травматалогия бөліміне 2790 бала жүгініп, 324 бала ауруханаға жатқызылып ем алған, бұл өткен жылмен шамалас көрсеткіш. Мамандар жазда балалардың жарақат алмауы және ішек инфекцияларынан сақтануы үшін қауіпсіздік пен гигиена ережелерін сақтау қажет екенін ескертеді.

Ағымдағы жылдың үш айында травмотологиялық бөлімге 2790 бала жүгінген болса, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 2857 баланы құраған. Яғни, жарақат алған балалар саны айтарлықтай өзгермеген. Алайда биыл ауруханаға жатқызылған балалар саны артқан, бұл ауыр жарақат алған жағдайлардың көбейгенін көрсетеді.

ШЫҢҒЫС НҰРҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД ДӘРІГЕРІ

Әлі де балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кетуі ерекше алаңдаушылық тудырады, мысалы, жыл басынан бері өңірде осындай 4 жағдай тіркелген. Сонымен қатар жаз-күз мезгілінде ішек инфекциялары жиі таралып, оның негізгі себептері сапасыз тағам тұтыну, ашық су айдындарында шомылу және жеке гигиенаны сақтамау болып отыр.

ЕЛЕНА КОПТЯЕВА, КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 Мамандар жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналарға гигиена ережелерін сақтауды, тағам қауіпсіздігіне мән беруді және балаларды қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеді.