Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің консультативтік органының отырысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі және қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.

Петропавл қалалық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы айтты. Оқу жылында ата-аналармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін полиция қызметкерлері ата-аналар мен мұғалімдер кездесулеріне үнемі қатысады.

Серік Әлжанов Telegram-да мұғалімдерді онлайн қорлаудың тоқтағанын мысал ретінде келтірді. Әрбір ата-анаға мұндай «бала әзілдерінің» заңды салдары туралы хабарланғаннан кейін қорлау толқыны басылған.

Жазғы демалыс кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері көшелер мен ойын-сауық орындарында түнгі патрульдеуді күшейтті. Консультативтік-кеңесші орган мүшелері түнгі ойын-сауық орындарындағы қылмыс мәселесін де қарастырды. Әкімшілік полиция департаментінің бастығы Алтынбек Жамалиев стационарлық бекеттердің ұйымдастырылуы мен демалыс және мереке күндері патрульдеудің артқандығының оң әсері туралы айтты. Жалпы алғанда, аймақта қоғамдық орындардағы қылмыс 21,6%-ға төмендеді.

Отырыс қорытындысы бойынша консультативтік-кеңесші орган мүшелері полицейлер үшін бірқатар ұсынымдар жасады.