Облыс орталығында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тартысты велошеру ұйымдастырды. Спорттық іс-шараға 60-тан астам жас спортшы қатысып, бақ сынады.
Іс-шара өңірде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бұл жолы да велошеруде спортты серік еткен 10-16 жас аралығындағы жеткіншектер белсенділік танытты. Басты мақсаты — өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу және жас дарындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Снхр: АЛИК ЕСИМОВ, ВЕЛОСИПЕД СПОРТЫНАН ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Шеруге қатысушылардың барлығы тас-түйін дайындықпен келген. Солардың бірі - Бауыржан Ибраһим. Ол 16 жаста спорт шебері нормативін орындап үлгерген. Жас дарын алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруды көздейді.
Снхр: БАУЫРЖАН ИБРАҺИМ, ҚАТЫСУШЫ
Айта кету керек, жас спортшылар республикалық деңгейдегі сайыстарда өз мүмкіндіктерін дәлелдеп жүр. Қазіргі таңда, олар шілде айында Қостанай қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қызу дайындық үстінде.