«Қызылжар» үстел теннисі орталығында мемлекеттік қызметкерлер арасындағы дәстүрлі спартакиаданың ресми ашылу салтанаты өтті. Биылғы додаға мыңнан астам мемлекеттік қызметші қатысып, спорттың бірнеше түрінен бақ сынауда.
Ауқымды спорттық іс-шараға облыстың 13 ауданы мен Петропавл қаласынан 26 команда қатысуда. Мемлекеттік қызметшілер спорттың 7 бағыты бойынша, атап айтқанда, шағын футбол, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, волейбол және өзге де түрлерінен өзара мықтыны анықтайды. Доданың ашылу салтанатында көпшілікке арнайы концерттік нөмірлер ұсынылды. Аталған сайыс өңірде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
СНХ: ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ
Жарысқа қатысушылардың бірі – Бауыржан Олжабаев. Ол бұл сайыста қазақша күрестен бақ сынамақ. Спартакиада ойынарында 8-ші рет бағын сынап жатқан мемлекеттік қызметкер биыл да жеңіске жетуді мақсат етіп отыр.
СНХР: БАУЫРЖАН ОЛЖАБАЕВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Тартысты дода маусымның 23-не дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша спорттың әр түрінен озып шыққан жеңімпаздар арнайы дипломдармен және кубоктармен, және бағалы сыйлықтармен марапатталады.