Облыс орталығында цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. «Қазақстан Республикасындағы жеке деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктері: цифрлық қауіпсіздік негіздері» атты ғылыми семинар сарапшыларды, қоғам өкілдерін, заңгерлерді және осы тақырыпқа қызығушылық танытқандардың басын біріктірді.

1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енеді. Ондағы жаңашылдықтарының бірі — цифрлық ортада азаматтардың жеке деректерін қорғау. Цифрлық гигиена мен сауаттылық мәселесі маңызды рөл атқарады. Сондықтан интернет пайдаланушылары өздерін қорғауды білуі қажет.

ЖҮСІП ЖҰМАГҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

ҚАЗБЕК МАЙГЕЛДИНОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ, PHD, АСТАНА

Қазақстанда әр екінші адам интернет-алаяқтарға тап болады. Қарапайым құпиялылық ережелерін білу адамдардың жеке мәліметтерінің сақтануына көмектеседі. Ғылыми семинарда қатысушылар өз ойларын айтып, интернетте өзіңді қорғаудың заңды және қарапайым жолдарын талқылады.

ЮЛИЯ МИГАЧЕВА, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Интернет күнделікті өмірдің қажетті бөлігіне айналды. Бірақ шексіз мүмкіндіктермен бірге киберқауіптер де бар. Қауіпсіздік ережелерін сақтау -жеке деректер мен қаржыны алаяқтардан және зиянды бағдарламалардан қорғау үшін өте маңызды.