Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры 139-шы театр маусымын қорытындылады. Бұл жолы тетар сахнасында Антон Чеховтың шығармаларын біріктіріліп, көрерменге әзіл мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жаңа қойылым маусымның түйінді оқиғасына айналды.
Көрермен қойылым басталмай тұрып-ақ ерекше әсерге бөленді. Фойеде жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған бірегей көрме ұйымдастырылды. Нейрожелі премьералық спектакльден үзінділерді -хоррор, аниме және поп-арт стильінде бейнеледі. Ерекше экспозицияны алғашқылардың бірі болып өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов тамашалады.
СНХР: ЮЛИЯ СКАТОВА, Н. ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЕАТРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Қойылымның негізіне Антон Чеховтың уақытпен үндескен, нәзік те мысқылға толы пьесалары алынған. Дегенмен, режиссер көрерменге мүлдем жаңа көзқарас ұсынды. «Шуток» қойылымының желісі қиял-ғажайыпқа негізделген: оқиға желісі бойынша, адамзат классикалық әдебиеттен таза энергия алуды үйренеді. Көременнің бұл қойылымға деген қошеметі де ерекше болды.
СНХР: ПАВЕЛ РОЩУПКИН, Н. ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЕАТРДЫҢ ӘДЕБИЕТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Театр үшін бұл маусым айтулы оқиғаларға толы болды. Бірнеше ай ішінде ұжым көрермен назарына жаңа туындыларды ұсынып, мәдени іс-шараларға белсене қатысты, сонымен қоса репертуар қатарын жаңартты. Өнер ұжымы үшін маусымның жабылуы - атқарылған жұмысты қорытындылап, адал көрерменге шынайы алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі болды.
Осымен шымылдық жабылып, әртістер лайықты демалысқа аттанады. Бірақ театр цехтары жұмысын тоқтатпайды. Өйткені алда 140-шы мерейтойлық маусым. Демек, көрерменді бұдан да көп тосынсыйлар, батыл эксперименттер және театрдың сиқырлы әлемі күтеді.