«Бірлік» ықшам ауданында Балаларды қорғау күніне орай мерекелік ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Шара барысында аниматорлар балалармен түрлі ойындар ойнап, қызықты байқаулар өткізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік жиында қызықты ойындар мен сайыстарға ұл-қыздар белсене қатысып, шат-шадыман күйге бөленді. Бағдарлама барысында би де, ән де орындалып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, жазғы демалыстың жарқын басталуына айналды.

Балаларын ертіп келген ата-аналар да шараны қызығушылықпен бақылап отырды. Олар балаларының қуанышын көріп, мерекелік тілектерін білдірді.

Балалар бұл күннен жағымды әсер алып тарқасты. Алда үш ай жазғы демалыс күтіп тұр.