Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында @TazaQazBot телеграм-чат-ботын әзірледі. Ол арқылы жергілікті мекеннің және экология мәселелері туралы өтінімдер беруге болады. Жаңа сервис елдің әр тұрғынына проблемалық жерлерді бірден суретке түсіруге немесе галереядан суреттерді жүктеуге, орналасқан жерін көрсетуге және мәселені егжей-тегжейлі сипаттауға мүмкіндік береді.

Өтінім түріндегі барлық ақпарат операторға жергілікті атқарушы органнан келіп түседі. Оператор оны жүктеп, орындаушыны тағайындайды. Сонымен қатар, тұрғындар жолдардың, саябақтардың, кіреберістердің, жарықтандырудың, абаттандырудың және қоғамдық және жеке аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты көптеген мәселе туралы хабарлай алады. Өтінім санатына байланысты орындаушы тапсырманы орындауы тиіс уақыт автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін Орындаушы фотосуретті және қажет болған жағдайда түсініктеме береді. Өтінім орындағаннан кейін орындалған жұмыстың сапасын бағалауға болады. «Таза Қазақстан» сервисі әрбір азаматқа тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға мүмкіндік бере отырып, еліміздегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.