Облыста алдағы үш күн бойы аяз тұрады. Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы минус 25-30 градусқа дейін төмендемек. Осыған орай дауылды ескерту жарияланды.

Осы апта бойы облыста боран тұрып, тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20м дейін жетпек.

22 қаңтарда Петропавлда күн бұлтты. Қар жауады және бұрқасын болады. Ауа температурасы күндіз минус 22-24 градус болса , түнде минус 25-27 градусқа дейін төмендемек.

Синоптиктердің мәліметінше 24-ші қаңтар күні де аязды ауа райы сақталады. Желдің екпіні 15-20 м/с, ал ауа температурасы күндіз минус 15-20, түнде минус 25-30 грудусты көрсетеді. Мамандар аязды күндер осы апта бойына жалғасады дейді.