Биыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылы. Еңбек мамандықтарын насихаттау мақсатында «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы мен Kozybayev University арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Партия жоғары оқу орны түлектерін тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ететін болады.
Жастар арасында еңбек адамының беделін арттыру – «Ауыл» партиясының жаңа бастамаларының бірі. Өңірлік филиал М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен ынтымақтастықта жұмыс істемек.
ҚАЙРАТ ПІШЕНБАЕВ – «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
- Мына жастар арасында қарапайым еңбек адамының бейінін арттыру мақсатында студенттік және жастар жасақтарын құру жобасын оң бағытта іске асыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде құрылыс жасақтарын жасау, механика және экология, ветеринарлық, санитарлық, педагогикалық жасақтар жасау. Қазірдің өзінде біз жұмыс берушілермен және ауыл шаруашылық басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
КСМ: Жастарды жұмыспен қамтуға дайын мекемелердің тізімі қазірдің өзінде жасалған – жұмысшы мамандықтарына сұраныс әрдайым жоғары. Тәжірибе барысында уақытша жұмысқа тұруға, кейін ұнап жатса, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар. Бұл үлкен қолдау, дейді «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының магистранты Әділет Сұрағанов.
ӘДІЛЕТ СҰРАҒАНОВ – KOZYBAYEV UNIVERSITY МАГИСТРАНТЫ:
- Бұрын мен Бескөл құс фабрикасында және Германияда био мал шаруашылығы саласында тәжірибе жинақтадым. Біздің өңірде мол мүмкіндіктер бар, көптеген ірі фермерлік шаруашылықтар жұмыс істейді. Зоотехник – табысты әрі сұранысқа ие мамандық. Білуімше ірі кәсіпорындарда жалақының көлемі 300 мың теңгеден басталатынын білемін.
Кездесуде ынтымақтастық мәселелері талқыланып, меморандумға қол қойылды. Жақын арада жергілікті колледждермен келісімдер жасалады.