Былтыр Петропавлда 210 мың шаршы метрге жуық тұрғын-үй қолданысқа берілді. Өсім - 109%. Тұрғын үй құрылысы биыл да жалғасады.
Петропавлда биыл 217 мың м2 баспананы пайдалануға беру міндеті тұр. Құрылыс негізінен жеке инвестициялар есебінен жүргізіледі. Заманауи тұрғын үй кешендерін салуға 7 инвестор тартылды. Жалпы ауданы 240 мың м2 құрайтын жобаны іске асыруға бірқатар компания іске кіріседі.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- "Строй Элит Дом" ЖШС Набережная көшесі бойында паркингі бар ауданы – 107 мың м2 тұрғын үй кешенін салады. Оның 33 мың м2 биыл пайдалануға беріледі. Ал "Стройкомпания" ЖШС Жамбыл көшесі бойында паркингі бар ауданы 18 мың м2 болатын тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізеді. Биыл " YDA " ЖШС Жұмабаев көшесі бойынша жалпы аумағы 30 мың м2 болатын тұрғын үй кешенін және Жамбыл көшесі бойында аумағы 27 мың м2 қонақ үй кешенін салуға іске кіріседі.