Биыл өңірдегі қара шаңырақ - «QYZYLJAR» телеарнасының көрермендерімен қауышқанына 65 жыл. Мерейтойға орай телеарнаның тарихы, ардагерлері және осы саланың білікті мамандары жайлы айдар ашып, сюжеттер топтамасын ұсынуды жөн көрдік.
Облыстық телеарна - Петропавл телестудиясы алғашқылардың бірі болып еліміздің ақпарат кеңістігіне келді. Студияға қатысты алғашқы бұйрық 1960 жылдың 1 наурызында, ал эфирге 1 маусымда шықты. Сол кезден бастап арна ұжымы күн сайын көрермендерін өңір өміріндегі айшықты оқиғалардан хабардар етіп келеді.
Галина Шветова студияға алғаш рет 70-жылдардың басында, көркемөнерпаздар тобының құрамында қонақ ретінде келді. Сол кезде павильонда тұтас концерттер мен спектакльдер жазылатын, ал теледидардың ғажайып әлемі көпшілік үшін жұмбақ болатын. Галина Шветова режиссерлыққа алынып, теледидар әлемінің құпияларын өзіне бағындыра білді.
Уақыт ағымымен бірге телеарна жұмысында да жаңашылдықтар бар. Бірақ - басты міндет сол баяғыдай, өзгеріссіз қалып отыр. «QYZYLJAR» телеарнасы өңірдің тынысын, соның ішінде әр саланың маманын -еңбек адамдарын көрсетіп келеді. Олар біздің заманымыздың нағыз қаһармандары. Әрқайсысы туған жерінің өркендеуіне өз үлесін қосып жатыр.