Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығы прокуратура, полиция департаменті және психологиялық орталық қызметкерлерімен бірлесіп колледж студенттері үшін профилактикалық іс-шара өткізді. Ғабит Мүсірепов атындағы кітапханада ұйымдастырылған жиынның тақырыбы-адам саудасы, нашақорлық және киберқылмыс.

Тәртіп – қауіпісіздік кепілі. Осындай тақырыпта өткен басқосудың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсіндіру және студенттердің бопсалаумен күресу дағдыларын дамыту. Сондай-ақ, қазіргі қоғамда дендеп тұрған адам саудасы мәселесіне де аса назар аударылды. Былтыр облыс бойынша мұндай қылмыстың 13-і тіркелген. Оның 11-і Петропавлда болды.

ТАЛҒАТ ҒАЛИУЛЛИН,СҚО ПД ҰҚҚКБ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Адам саудасы – адам құқығын бұзудың ең қатал түрі. Біз бүгін студенттерге осы өзекті тақырыптың жай жапсарын айтып, заңмен таныстыратын боламыз. ҚР қылмыстық кодексінің 126-бабы бойынша бас бостандығынан заңсыз айыру және 128-бап адам саудасы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы 10 жылдан басталады.

Облыс орталығында тамыз айынан бастап психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Мамандар көмекке мұқтаж жандарға кеңес беру қызметін көрсетеді. Орталықта 16 психолог бар. Олар онлайн және офлайн түрде балалар мен ата-аналарға тәулік бойы қол ұшын созуға дайын.

аударма 877

НАТАЛЬЯ КАЧАЛКИНА, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің мамандар әртүрлі тақырып бойынша қолдау білдіріп, көмектеседі. Десек те, жүгінген балалар мен студенттердің арасында бүгін көтеріліп жатқан өзекті тақырыптар қозғалмаған. Мүмкін ол білім ұйымдары өткізетін профилактикалық түсіндіру жұмыстарының жемісі шығар. Біздің орталықтың ашылғанына көп бола қойған жоқ. Тамыз айынан бері 298 адам көмек сұрады. Оның 164-і сенім телефоны арқылы.

Жалпы, бүгінгі жиынға облыс орталығындағы барлық колледждің студенттері келді. 40-қа жуық қыз-жігіт сұрақтарына жауап алды.