Өткен жылы Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі "KMI Engineering" ЖШС зауытымен ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Қазіргі уақытта оқу орнының студенттері дуалды оқыту жүйесі аясында кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр, оларға еңбекақы да қарастырылған.
Облыстың ірі зауыттарының бірінде машина жасау және көлік колледжінің студенттері тәжірибеден өтіп жатыр. Солардың бірі Иван Гегеня. 3 курс студенті дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша оқиды. Оқумен жұмысты ұштастырып жүрген 18 жастағы студент сабақтан кейін – күндізгі сағат екіден кешкі тоғызға дейін кәсіпорында темір ұстасы болып жұмыс істейді.
ИВАН ГЕГЕНЯ – Б.ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТІ:
- 2 курста өндірістік тәжірибеден өтіп, кейін жұмыс барысында жақсы нәтиже көрсете бастағаннан кейін мені жұмысқа алды. Жалақы аламын. 120 мың теңге мөлшерінде. Жоғары оқу орнында тек теория алып шығасың. Ал мұнда нағыз тәжірибе жинайсың. Теориялық сабақтардан кейін бірден мен оларды іс жүзінде, өндірісте қолданамын. Әріптестерім, жалпы ұжым өте жақсы.
Кәсіпорын басшыс жұмыс істейтін студенттерді қолдайтынын айтты. Кәсіби жағынан жақсы көрсететіндерді бірден жұмысқа қабылдайды.
АЛЕКСАНДР УШАКОВ "KMI ENGINEERING" ЖШС ӨНДІРІС БАСШЫСЫ:
- Өткен жылы біз Петропавл машина жасау және көлік колледжіМЕН ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойдық. Колледж студенттері бізде өндірістік тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ, болашақта мамандық бойынша жұмыс істеуге ниеті бар студенттермен біз дуальды оқыту туралы шартқа отырамыз. Иван өзін жақсы жағынан көрсетті. Мінезі де жақсы. Жұмысқа күнделікті келіп отырады.
Дуалды оқыту жүйесі Қазақстанда 2012 жылы енгізілді. Ол оқу процесінде теориялық және практикалық дайындықты біріктіру мәселесін шешуге арналған. Колледжде дуалды оқыту жүйесі бойынша барлығы 432 студент практикалық білім алады.