Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №48 мекемесінде сотталғандарға жақындарымен 1000-нан астам кездесу ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта еліміздің қылмыстық-атқару заңнамасы көптеген параметрлер бойынша адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Сотталғандарға екі түрдегі кездесу беріледі. Бұл ұзақтығы екі сағатқа созылатын қысқа мерзімді және мекеме аумағында өтетін екі тәуліктік кездесулер.

Осылайша, былтыр сотталғандарға 1098 кездесуге рұқсат берілді. Оның 404-і ұзақ болса, 694-і қысқа мерзімді кездесулер. Су тасқыны кезінде айыпталғандар үшін туысқандарымен кездесуге мүмкіндік болмады. Өткен жылдың қыркүйек айында су тасқынының салдарын жою мақсатында кездесу бөлмелеріне жөндеу жүргізілді. Барлығы 15 жатын бөлме, ас үй, жуынатын, демалыс бөлмесі және балаларға арналған ойын алаңы жабдықталған. Сотталғандар мен олардың жақындарының жайлылығы үшін жаңа жиһаз, ыдыс-аяқ және тұрмыстық техника сатып алынды.