Винокуров спорт сарайында «Құлагер» хоккей клубы Атыраудан келген «Жас батыр» құрамасымен ойнады. Спорттық доданы тамашалау үшін мыңнан астам жанкүйер жиналды.

Екі команда бұған дейін 4 мәрте кездескен. Ойын 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қос команда бір-біріне дес бермеді. Қарсыластар бір-бірінің қақпаларына алғашқы минуттардан-ақ шайба бағыттап, қақпашыларды тексеріп көрді. “Жас Батыр” командасы 17-ші минутта алға шықты. Қақпаға дәл соғылған шайбадан кейін айдын иелері абдырап қалды. Қарсыластар уақыт өткен сайын қысымды күшейтті. Ол өз нәтижесін берді.

ЕВГЕНИЙ ДЕРЯБИН "ЖАС БАТЫР" ХК БАС БАПКЕРІ:

- Жақсы 2 ойын өткіздік. Біздің тарапымыздан, әрине, бәрі ойдағыдай болды. Жақсы ойын болды. Әдемі голдар соқты. Ең бастысы жанкүйерлерге ұнады.

Теріскейліктер таблодағы сандарды өзгерте алмады. Нәтиже көп күттірген жоқ, 3 кезеңнің 7 минутында атыраулық Дастан Еркінов қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

ДАСТАН ЕРКІНОВ – «ЖАС БАТЫР» ХК ОЙЫНШЫСЫ:

- Бүгін Құлагер командасымен 4 ойынымызды аяқтадық. 2 ойын үйде, 2 ойын осында. 4 ойында да жеңдік. Жеңіске жеттік. Өте тартысты өтті. Қарсыластарымызға рахмет айтамын. Жақсы ойын көрсеткендеріне. Бүгін 2 гол соқтым. Жақсы керемет ойын көрсеттік.

Алғашқы кезеңде атыраулық ойыншылар қарсылыс құрама қақпасына 17 шайба соқты. Ойын нәтижесі бойынша 3:17 есебімен «Жас Батыр» командасы жеңіске жетті. Матч қонақтардың пайдасына шешілді