Оқиға болған жерге СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов барды. Облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыру мен өткізуге қажетті барлық көмекті көрсететін болады. Өртте мерт болған отбасының мүшесі, кәмелетке толмаған студентке колледж жатақханасында тегін тұру мүмкіндігі беріледі. Оған қажетті барлық психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, материалдық көмек көрсету және оқу ақысын төлеу мәселесі шешіледі. Алдағы уақытта тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылады. Жақын туыстарына қамқоршылық ресімдеу мәселесі ерекше бақылауға алынады.