С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада "Бір ел - бір кітап" акциясы өтті. Іс-шара еліміздің көрнекті қаламгерлері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналды.
Ақын күйші, прозаик Жұмекен Нәжімеденов ҚР Мемлекеттік әнұранның сөзін 21 жасында жазған. Тұңғыш өлеңдер жинағы "Балауса" деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Қаламгер проза жанрында да қажырлы еңбек етті. Оның қаламынан "Ақ шағыл", "Кішкентай", "Даңқ пен дақпырт" атты романдар туған.Тәкен Әлімқұлов 60-қа жуық әңгіме, 7 повесть, 2 роман жазған қаламгер әр туындысына ұлттық өнер мен салт-дәстүрді, қазақы болмыс пен мінезді терең біліммен, шырайлы тілмен суреттеді.Бұл жолы акция шығармашылық адамдардың тағдыры мен өміріне жеке тоқталды. Іс-шарада арнайы кітап көрмесі, әдеби оқулар, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир ұйымдастырылды.
ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Бұл акция 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық білім академиясының бастамасымен қолға алынған. Жалпы осы акция комиссиясының отырысында бірнеше кітаптар, бірнеше авторлар ұсынылды. Оның ішінде Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс тақырыбына жазылған кітаптар. Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, майдангер жазушылардың шығармалары, Сәбит Мұқановтың да кітаптары ұсынылды.