«Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техноэкопаркі өңірдегі қоқысты кәдеге жаратып, экологиялық жағдайды жақсартуды көздеп отыр. Нәтижесінде 500 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Мамлют тас жолы маңындағы аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мен қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт салынбақ. Қоқысты түйіршіктерге айналдырып, одан қайта өңделген материалдар дайындап шығарады.
Сондай-ақ техноэкопаркқа дәретхана қағазы, майлықтар мен сүлгілер шығаратын фабрика, картоннан әзірленетін бұйымдар фабрикасы мен металл-пластикалық бұйымдар зауыты да кіретін болады. Олар сондай-ақ жиһаздарды, автокомпоненттерді және ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектерді шығаруды бастайды. Жобаның құны 37 млрд теңге. Ол қоқыс қалдықтарын азайтуға, ауа мен топырақтың сапасын жақсартуға, салық түсімдерін арттыруға бағытталған. Компания қызметкерлерінің жалпы саны нәтижесінде 2500 адамға дейін артады. Техноэкопарк жобасы болашаққа жасалған нық қадам. Компания барлығын экологиялық жауапкершілік пен экономикалық өсімнің үлгісіне айналатын маңызды бастаманы жүзеге асыруда ынтымақтасуға шақырды.
ДӘУРЕН ҚАТРАНОВ, «РАДУГА» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жалпы, біз қалдықтарды кәдеге жарату бойынша тынбай 15 жыл жұмыс істеп келеміз. Бұл полимерлердің, макулатураның қайта өңдеп шығарылуы. Мемлекет басшысының жаңа тұжырымдамасы аясында біз қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобаны ұсындық. Техноэкопарк жобасы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын ұйымдастыру және қалдықтарды өңдеу зауытын салуды қарастырады. Яғни, қайталама шикізаттан дайын өнімді шығару