Облыстық полиция департаменті осы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілетін хабарлайды. Заңға қажетті түзетулер енгізілмек. Мопедтерді тіркеу үшін Петропавлдағы Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Ол үшін жеке басты куәландыратын құжат, мопедтің техникалық құжаты немесе техникалық сипаттамалары туралы мәлімет, мопедті қарап-тексеру және мопедті тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмірін бергені үшін мемлекеттік баж төлеу қажет. Тіркелмеген мопедтерді пайдалану және оларды жүргізуші куәлігінсіз жүргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ мопедті жүргізуге құқығы жоқтар автомектептерде оқудан өтуі тиіс.

ЖҰЛДЫЗ БАҒЫТ СҚО ПД ПРОЦЕССИНГТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА МЕМЛЕКЕТТІК АВТОИНСПЕКТОРЫ:

- 5 сәуірден бастап мопедтерді пайдалану оларды полицияда тіркеген соң, А1, А санаттардағы жүргізуші куәлігі, техникалық қарап-тексеруден өтуі және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру болуы кезінде рұқсат етіледі. Мопедтерді тіркеу үшін Петропавл қаласының, Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады.