Мемлекеттік қызметшілер телеарнамыздың жұмысымен танысты. Экскурсия барысында 31 қызметкер Қызылжар телеарнасының тарихына көз жүгіртіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мемлекеттік қызметшілер жылда өңірдегі телеарналарға эксурсияға барып, жұмысымен танысады. Себебі бұл екі тарап арасындағы байланысты нығайтуға өз септігін тигізеді.
МАДИНА БАЛАШУКОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
- БАҚ өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер арасында берік көпір болуы керек. Себебі біз атқаратын жұмыс бір. Біз бұған дейін де басқа телеарналардың жұмысымен танысқан болатынбыз. Биылғы жылы бұл біз үшін алғашқы экскурсия.
ӘЙГЕРІМ ҚАНТАЕВА, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ АҚҚАЙЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
- Бүгін біз облыстық Қызылжар телеарнасында болып қайттық. Менің мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқаныма жарты жыл уақыт болды.Жалпы бұған дейін телеарналарда болып көрген жоқпын, сол себепті мен үшін бүгінгі экскурсия өте қызық өтті.