Негізгі Жаңалықтар Петропавлда зейнеткер алаяқтардың құрбаны бола жаздады

Петропавлда зейнеткер алаяқтардың құрбаны бола жаздады

Петропавлда зейнеткер алаяқтардың құрбаны бола жаздады. Киберқылмыскерлердің нұсқауымен зейнеткер банкке бару үшін такси шақыртады. Қылмыскерлер оған егер біреу тоқтатуға тырысса сенбеу керектігін айтқан. Сол сөзден күдіктенген такси жүргізушісі бірден 102 нөміріне қоңырау шалады. Полицейлер жедел жетіп, зейнеткерге оның алаяқтықтың құрбаны бола жаздағанын түсіндірді.

Петропавлда 73 жастағы зейнеткерге өзін белгілі бір байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған ер адам қоңырау шалып, қызмет көрсету шартының мерзімі аяқталуға жақын екенін айтқан. Шартты үйден шықпай-ақ ұзартуға болатындығын ол үшін SMS арқылы келген кодты айтып, телефонмен шарттарға келісетінін растау қажеттігін мәлімдеген. 

СНХР: Нина Любенко – зейнеткер 

Келесі күні алаяқтар қайта қоңырау шалып әйелдің атына 5 миллион теңге несие рәсімделгенін айтқан. Мәселені шешу үшін депозиттегі барлық ақшаны шешіп алып, «қауіпсіз мемлекеттік шотқа» салу керектігін ескерткен. Зейнеткерді банкке алаяқтардың өздері шақырған такси жеткізді. Рөлде кәсіпкер Виктор Тимофеев отырған. Бір күн бұрын ол әлеуметтік желілерден интернет-алаяқтықтың алдын алу туралы бейнероликтер көрген еді. Жол бойы жолаушыға телефон арқылы біреу нұсқау беріп отырған. Виктор бұдан бірден күдіктенген.

СНХР: Виктор Тимофеев - жеке кәсіпкер

Алғашында әйел Виктордың сөзіне құлақ аспады. Қылмыскерлер оған алдын ала егер біреу тоқтатуға тырысса сенбеу керектігін айтқан. Сол сөзден күдіктенген Виктор бірден 102 нөміріне қоңырау шалады. Полицейлер жедел жетіп, зейнеткерге оның алаяқтықтың құрбаны бола жаздағанын түсіндірді. Қазір Солтүстік Қазақстан облысында мұндай қылмыстар саны азайып келеді. Тоғыз айда интернет-алаяқтықтың 404 дерегі тіркелді. Былтыр осы кезеңде 589 қылмыс анықталған. Полицейлер тұрғындарды егде жастағы туыстары мен таныстарына алаяқтардың қандай тәсілдер қолданатынын түсіндіруге шақырады.  


Бөлісу