Негізгі Жаңалықтар Кәсіподақтар күні аталып өтті

Кәсіподақтар күні аталып өтті

 Қазақстан кәсіподақтары күніне орай бүгін сала өкілдері кәсіби мерекені атап өтіп, атқарылған жұмыстарды саралады. Еңбек адамының мүддесін қорғауға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа құрмет көрсетіліп, марапатталды. Солтүстік Қазақстан облысында кәсіподақ қозғалысының қатарында 60 мыңнан астам еңбек адамы бар. Өңірдегі 1200-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ортақ мақсат аясында қызмет етіп келеді. 

Солтүстік Қазақстанда 1200-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Олар еңбек адамдарының құқығын қорғап, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға атсалысады. Даулы мәселелердің алдын алып, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтауға басымдық беріледі. Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов кәсіподақ өкілдерін құттықтады.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Өңірдегі кәсіподақ ұйымдары жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен бірлесе жұмыс істеп келеді. Үшжақты келісімдер аясында еңбек жағдайы мен әлеуметтік кепілдіктерге қатысты мәселелер тұрақты талқыланады. Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, мұндай жұмыстың нәтижесінде кәсіподақ бар кәсіпорындарда еңбек дауларына жол берілмей отыр.

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, СҚО КӘСІПОДАҚТАРЫ АУМАҚТЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Кәсіподақтар еңбек жағдайы күрделі салалардағы мамандардың құқығын қорғауға ерекше мән береді. Энергетика саласында 13 жыл еңбек етіп келе жатқан Ольга Рахматулина кәсіподақ жұмысын да қатар атқарып келеді. Бүгін оның еңбегі еленіп, арнайы марапатқа ие болды.

ОЛЬГА РАХМАТУЛИНА, «СК ЭЖТК» АҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Мерекелік іс-шараға кәсіподақ белсенділері, еңбек ардагерлері, әлеуметтік серіктестер мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты. Үздік қызметкерлер мен қоғам белсенділеріне облыс әкімі, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы және салалық ұйымдардың марапаттары табысталды. Бұл — еңбекті бағалаумен қатар, еңбек адамының құқықтары мен мүддесін қорғау жолындағы жұмысты жалғастыруға берілген серпін.

Бөлісу