Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл
Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, журналист, драматург, композитор Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Поэзия аспанындағы жұлдыз» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері, С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар композитордың әндері де шырқалды. Шараға қатысушылар ақын шығармашылығына арналған «Жыр жампозы» атты кітап көрмесін тамашалады.