Негізгі Жаңалықтар Солтүстікқазақстандық каратешілер халықаралық турнирден жеңіспен оралды

Солтүстікқазақстандық каратешілер халықаралық турнирден жеңіспен оралды

Солтүстікқазақстандық каратешілері Алматыда өткен халықаралық турнирде ел намысын абыроймен қорғады. «Qagan Academy Sko» спорт клубының тәрбиеленушісі ел қоржынына бірінші орынды қанжығасына байлады.

Халықаралық бәсекеге әлемнің 8 елінен және Қазақстанның 6 федерациясынан жиналған ең мықты спортшылар қатысты. Қытай, Хорватия, Белоруссия, Украина, Венгрия және Қырғызстаннан іріктелген каратешілер арасында Солтүстік Қазақстан облысының намысын «Qagan Academy SKO» клубының 6 өрені қорғады. 9 бен 17 жас аралығындағы өңіріміздің жас спортшылары жеңіс тұғырын бағындыру үшін бар күшін салды. 

СНХ: АҚЖАН НАКЕНОВ – «QAGAN ACADEMY SKO» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Команданың ең жас қатысушысы – тоғыз жасар Егор Бестфатер. Ол клубта үш жыл бойы жаттығады. Халықаралық бәсекеде үш жекпе-жек өткізіп, қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтты. 

СНХ: ЕГОР БЕСТФАТОР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЧЕМПИОНЫ   

Турнир аясында Халықаралық федерация президенті, 8-ші дан иегері Сергей Всеволодовтың жетекшілігімен екі күндік халықаралық семинар өтті. Оның қорытындысы бойынша спортшылар кю мен дан-тест сынақтарын тапсырды. ИНТЕРШУМ: 00:00-00:03 Ф441 Сергей тренируется

Жарыста Сергей Литвиненко аса ауыр сындардан сүрінбей өтіп, 1-ші дан дәрежелі қара белбеуін сәтті қорғап шықты.

СНХ: СЕРГЕЙ ЛИТВИНЕНКО – «QAGAN ACADEMY SKO» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ

Негізі қаланғанына үш жыл болған «Qagan Academy SKO» клубында бүгінде 100-ден астам бала карате мен аралас жекпе-жек бойынша шынығуда. Алматыдағы халықаралық бәсекеде сәтті өнер көрсеткен Петропавлдық жас спортшылар жаңа белестерді бағындыруды көздеп отыр.

Бөлісу