Негізгі Жаңалықтар СҚО-да құқық бұзушылықтар саны 18,5 пайызға азайды

СҚО-да құқық бұзушылықтар саны 18,5 пайызға азайды

Солтүстік Қазақстан облысында құқық бұзушылықтар саны 18,5 пайызға азайды, ауыр және аса ауыр қылмыстар 3,3 пайызға төмендеген. Бұл туралы ПД-де тоғыз айды қорытындылаған жедел кеңесінде айтылды. Толығырақ – келесі сюжетте.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде тоғыз айдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Кеңес басталар алдында жедел бөлімшелердің қызметкерлері қызметтегі жақсы нәтижелері үшін ҚР Ішкі істер министрлігі мен полиция департаментінің бұйрықтарымен марапатталды.

Жиында жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары талқыланды. Облыста құқық бұзушылықтардың жалпы саны 18,5 пайызға, ауыр және аса ауыр қылмыстар 3,3 пайызға азайды. Полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров қылмыстың алдын алуға басымдық беруге шақырды. Алдын ала әрекет ету – заманауи полиция жұмысының негізгі қағидаттарының бірі. Полиция департаменті бастығының орынбасары Марат Жұмалиев өз баяндамасында профилактикалық есепте тұрған адамдармен жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Марат Жұмалиев – СҚО ПД бастығының орынбасары 

Жыл басынан бері осы санаттағы адамдар 17 қылмыс жасаған: оның 6-уын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, 11-ін әкімшілік қадағалаудағы тұлғалар жасаған. Мұндай қылмыстарды азайту тұрақты бақылауды, басқа мемлекеттік органдармен және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылды талап етеді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға да ерекше назар аударылды.

Марат Жұмалиев – СҚО ПД бастығының орынбасары 

Сондай-ақ полиция полковнигі Руслан Назаров жеке құрамға ҚР ІІМ алқасында айтылған талаптарды жеткізіп, қызметкерлерді жедел-влдын алу іс-шаралар аясында жұмысты сапалы жүргізуге және профилактика туралы заң талаптарын қатаң сақтауға бағыттады.            



Бөлісу