Негізгі Жаңалықтар Офицерлерді ұлықтау кеші

Офицерлерді ұлықтау кеші

Бүгін Ұлттық ұлан академиясында айырықша күн. Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында әскери қызметте ұзақ жыл еңбек еткен офицерлерге құрмет көрсетілді. Салтанатты кеште Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған әскери қызметшілермен қатар, құрметті демалысқа шыққан офицерлер де ұлықталды. Жиынға ардагерлер, әскери қызметшілер, сондай-ақ мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Әскери қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы жол. Бүгін Ұлттық ұлан академиясында ұзақ жыл қызмет атқарған үш офицерді запасқа шығарып салды. Олар – Академия бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы, полковник Асқар Файзулин, техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, полковник Қайрат Токин және тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Ерден Балғымбаев. Әріптестері офицерлерге көп жылғы еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы өміріне сәттілік тіледі.

СНХР: ЕРДЕН БАЛҒЫМБАЕВ, ҰҰ АКАДЕМИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Бір әулеттің шежіресіндей болған әскери жол – кейінгі буынға үлгі. Осы кешке Ұлттық ұланның ардагерлері мен зейнеткерлері де арнайы шақырылды. Мақсат – жас ұрпаққа әскери қызметтің жауапкершілігін танытып, Отанға адал қызмет етудің мәнін жеткізу.

СНХР: ДОСАН КҮРКЕНОВ, ҰҰ АКАДЕМИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ

Бүгінде Ұлттық ұлан академиясында 800-ге жуық курсант білім алып жатыр. Ал оқу орнының 26 жылдық тарихында мұнда алты мыңнан астам офицер түлеп ұшқан. Қазір олардың басым бөлігі Ұлттық ұлан қатарында және еліміздің өзге де мемлекеттік құрылымдарында қызмет етіп жүр. Кеште аға буынның өнегесі кейінгі буынға аманат екені айтылды.

Бөлісу