Зорлық-зомбылыққа жол жоқ
2026 жылдың 9 айында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мобильді топтар өмірлік қиын жағдайға тап болған 89 отбасын анықтады. Олар туралы ақпарат қажетті көмек көрсету үшін Отбасын қолдау орталықтарына жолданды. Полицияға отбасылық-тұрмыстық саладағы құқыққа қайшы әрекеттер бойынша 2214 өтініш келіп түскен. Осы өтініштер бойынша 1639 сауалнама жүргізілді.
Отбасында зорлық-зомбылыққа немесе оны жасау қаупіне тап болған жағдайда, мүмкіндігінше тезірек көмекке жүгіну қажет. Полицияға 102 нөмірі арқылы, 111 бірыңғай сенім телефонына немесе республикалық 150 жедел желісіне хабарласуға болады. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторына жүгінуге мүмкіндік бар. Жәбірленуші арыз жазуға дайын болмаса да, зорлық-зомбылық болуы мүмкін екені туралы хабарлама назардан тыс қалмайды. Зорлық фактісі анықталған жағдайда полиция қызметкерлері заңда көзделген шараларды қолданады. Оның ішінде құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, қорғау нұсқамасын шығарады.
СНХР: ДЕНИС ДЕНИСОВ — СҚО ПД ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ