Тазы – қазақтың ұлттық құндылығы
Тайынша ауданының тұрғыны Әділет Балғамбет тазы тұқымын өсіреді. Ғасырлар бойы қазақтың дәстүрлі көшпелі өмір салтымен біте қайнасқан бұл көне аңшы ит тұқымы бүгінде аңшының сенімді серігі ғана емес, еліміздің мәдени мұрасының бірегей нышаны ретінде де бағаланады.
Соңғы жылдары тазыға деген қызығушылық арта түсті. Қазақтың төл тұқымын сақтап, кеңінен насихаттауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Тазы – тарих пен табиғатты, ұлттық дәстүр мен дала мәдениетін тоғыстыратын ерекше құндылық. Бұл – жай ғана сирек кездесетін ит тұқымы емес, Ұлы даланың еркіндігі мен адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті танытатын тірі мұра. Балғамбет әулетінің үйінде бүгінде төрт тазы бар.
ӘДІЛЕТ БАЛҒАМБЕТ — ҚАРАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ