Жыл басынан бері 404 алаяқтық дерегі тіркелді
Интернет-алаяқтықпен күрес — құқық қорғау органдарының басты бағыттарының бірі. Цифрлық технология дамыған сайын алаяқтықтың жаңа тәсілдері де көбейіп келеді. 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде интернет-алаяқтық фактілері 31,4 пайызға азайған.
9 айдың қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықтың 404 дерегі тіркелген, былтыр бұл көрсеткіш 589 болған. Алаяқтықтан келген материалдық шығын 1 миллиард 83 миллион теңгеден асқанымен, оның 170 миллион теңгесі жәбірленушілерге қайтарылды. Сонымен қатар ашылмаған қылмыстық істер саны өткен жылғы 350-ден 253-ке дейін төмендеген.
МҰРАТБЕК АЯҒАНОВ, СҚО ПД КҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Алаяқтықтың алдын алу үшін зейнеткерлер, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Олар үшін арнайы WhatsApp топтары да құрылған. Ал «Антифрод» жүйесі іске қосылғалы бері 39 миллион теңгенің күмәнді операцияларына тосқауыл қойылды.
МҰРАТБЕК АЯҒАНОВ, СҚО ПД КҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Банк шотын немесе төлем құралын бөгде адамдарға берудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сондықтан азаматтарға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбей, алаяқтық белгілері байқалса, дереу полицияға хабарласу ұсынылады.