Негізгі Жаңалықтар Тазалық акциясы ұйымдастырылды

Тазалық акциясы ұйымдастырылды

Қоршаған ортаға ұқыпты қарау бала кезден қалыптасатын дағды. Тазалық ол әрбір азаматтың ішкі мәдениеті мен қоғам алдындағы жауапкершілігі. Бүгін еріктілер жастар бірлестіктерінің өкілдерімен ауа райының қолайсыздығына қарамастан Жеңіс саябағына шығып, Есіл өзенінің жағалауын қоқыс пен қураған жапырақтардан тазартты. 

Акцияға 60-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында Kozybayev University студенттері, «Помощь рядом» еріктілер қозғалысының, «Жастар Рухы» жастар қанатының, «Әділет» партиясының және «Болашақ» қорының мүшелері бар. Белсенділер топтарға бөлініп, Есіл өзенінің жағалауын тазалауға кірісті.

СНХР: ДАМИР АБДИН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жыл басынан бері Жастар ресурстық орталығы табиғатты қорғауға және жастарға экологиялық тәрбие беруге бағытталған 190-нан астам іс-шара өткізді. Белсенділер тек саябақтарды, скверлерді және ескерткіштер маңын ретке келтіріп қана қоймай, су айдындарын тазартады, сонымен қатар жалғызілікті зейнеткерлерге де көмек көрсетеді.

СНХР: АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ – «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Тазалық акциясына жастар белсенді атсалысып, аумақты қоқыстан тазартып, табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлығын таныта білді. Бұл жастардың экологиялық мәдениеті мен жоғары жауапкершілігін көрсететін игі іс. 

Бөлісу