Негізгі Жаңалықтар Жастармен құқықтық сауаттылық тақырыбында кездесу өтті

Жастармен құқықтық сауаттылық тақырыбында кездесу өтті

Облыс орталығында жастардың цифрлық және құқықтық сауатын арттыруға бағытталған профилактикалық кездесу өтті. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жиында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттеріне интернеттегі қауіпсіздік ережелері мен заңсыз әрекеттерге араласудың құқықтық салдары түсіндірілді. Іс-шараға 60-қа жуық жас қатысып, ақпараттық сауаттылықты арттыру жолдары талқыланды.

«Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кездесуге құқық қорғау, әділет және қоғамдық келісім саласының мамандары қатысты. Олар интернеттегі алаяқтықтың кең тараған түрлеріне тоқталып, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу және күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар желіде жасалған әрекеттердің заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені айтылды.

СНХР: МИРАС ЖОЛДАСБАЙ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

Іс-шара барысында мамандар жастарға жеке мәліметтер мен банк шоттарының қауіпсіздігіне ерекше мән беруді ескертті. Әсіресе студенттер үшін цифрлық қауіпсіздік мәселесі де өзекті. Себебі олардың басым бөлігінің шәкіртақысы банк картасы арқылы түседі.Сондықтан банк шоттары мен карталарының деректерін қорғау, бөгде адамдарға құпия ақпаратты бермеу және алаяқтық схемаларға кездейсоқ араласып кетпеу жолдарын білу маңызды. 

СНХР: ҰЛЖАН СЕЙІТ, 3-КУРС СТУДЕНТІ

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында биыл кибералаяқтық бойынша 404 қылмыс фактісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға аз. Ал дропперлік бойынша қазіргі уақытта 58 іс сотқа жолданып, аяқталған.

Бөлісу