Жастарға арналған «Сенімді сөйле» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде өз ойын еркін жеткізу әркімге бірдей оңай емес. Әсіресе жастар үшін аудитория алдында қысылмай сөйлеу, пікірін нақты жеткізу маңызды. Осы дағдыларды дамыту мақсатында Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде арнайы семинар-тренинг өтті. Бұл көпшілік алдында сөз сөйлеу мен келіссөз жүргізуді дамытуға бағытталған. Іс-шараны СҚО Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Кездесуде жастар жаттықтырушымен бірге шешендік өнердің негізгі тәсілдерін меңгерді. Оларға дауыс ырғағын дұрыс қою, сөйлеу қарқынын сақтау және аудиториямен байланыс орнату жолдары түсіндірілді. Теориялық бөлім практикалық тапсырмалар мен ойындарға ұласып, студенттер сөйлеу мәдениетіне қатысты пайдалы ақпарат алды.
АРАМ, ШЕШЕНДІК ӨНЕР БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Тренингке 60-қа жуық студент қатысты. Қатысушылар берілген тапсырмалар арқылы импровизация жасап, өз ойын дәлелмен көпшілік алдында жеткізуге тырысты. Жастар үшін мұндай жаттығулардың адамның сөйлеу мәнерін жетілдіріп қана қоймай, өзіне деген сенімін арттыратынын атап өтті.
МИЛАНА ГАВРИЛЕНКО, 1-КУРС СТУДЕНТІ
Мұндай кездесулер жастардың коммуникативтік дағдыларын, өзіне деген сенімін, сыни ойлауын және келіссөз жүргізу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осы бағыттағы іс-шараларды жиі өткізуді жоспарлап отыр.