Негізгі Жаңалықтар Онкологиялық аурулардың алдын алу

Онкологиялық аурулардың алдын алу

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне онкологиялық аурулардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Кездесуді «Әділет» партиясының әйелдер қанаты мен облыстық онкологиялық диспансер өкілдері ұйымдастырды. Аурудың алдын алуға бола ма және оны ерте кезеңде қалай анықтауға болады? Келесі сюжеттен білейік. 

15 қазан - сүт безі обырына қарсы күрес айы ретінде бекітілген. Аталған кездесу осы дата аясында өтті. Жиында аурудың алдын алу жолдары сөз болды. Жас қыздарға оның пайда болуына әсер ететін факторлар түсіндірілді. Бұл туралы облыстық онкологиялық диспансердің онколог-маммолог дәрігері Қазыбек Тоқтанов айтып берді.

СНХР:ҚАЗЫБЕК ТОҚТАНОВ – ОНКОЛОГ-МAММОЛОГ ДӘРІГЕР

Маманның айтуынша, сүт безі обыры негізінен жасы үлкен әйелдерде кездеседі. Дегенмен 20-25 жастағы қыздар арасында да ауру жағдайлары тіркеледі. Науқастардың басым бөлігі дәрігерге дер кезінде, яғни аурудың бастапқы кезеңінде жүгінеді. Үшінші және төртінші сатыда анықталатын жағдайлар сирек. Ауруды уақытылы тексеруден өту арқылы ерте анықтауға болады.    

СНХР: ҚАЗЫБЕК ТОҚТАНОВ – ОНКОЛОГ-МAММОЛОГ ДӘРІГЕР

Кездесуге қатысқан студенттердің бірі – Сагдиана Базарова. Ол денсаулықты үнемі бақылауда ұстау қажет деп санайды. Айтуынша, мұндай дәрістер жастар үшін маңызды. Себебі мамандардан қажетті ақпаратты тікелей алып, сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік бар.

СНХР: САГДИАНА БАЗАРОВА – KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТІ

Мамандардың айтуынша, сүт безі обыры әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Солтүстік Қазақстан облысында да жағдай өзекті. Былтыр алғаш рет анықталған ауру бойынша 205 адам диспансерлік есепке алынған. Биыл тоғыз айда бұл көрсеткіш 191 адамға жетті. Қазір өңірде осы диагнозбен диспансерлік есепте 2 мың 500-ге жуық адам тұр.

Бөлісу