Кәсіподақ ардагерлері аллеясында шырша отырғызылды
10 қазан – Қазақстанда Кәсіподақтар күні. Осыған орай Петропавлда СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың қатысуымен кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне арналған аллеяға шырша көшеттері отырғызылды. Игі дәстүр биыл да жалғасып, аға буын еңбегіне құрмет көрсетілді.
Мәдениет және демалыс саябағындағы ардагерлер аллеясы 2019 жылы ашылған. Содан бері мұнда кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне құрмет ретінде жыл сайын көшеттер саны көбейіп келеді. Биыл да игі дәстүр жалғасып, аллеяға онға жуық сібір шыршасы отырғызылды. Әрбір тал – аға буынға деген құрметтің белгісі.
СНХР: МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шараға кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен қозғалыс ардагерлері қатысты. Қатысушылар қолына күрек алып, жасыл желекті көбейтуге өз үлестерін қосты. Бұл – аға буын еңбегін дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жақсы өнеге көрсетуге бағытталған игі бастама.
СНХР: МҰРАТ ҚАРАЖҰМАНОВ, «СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҒЫ» ҚБ МҮШЕСІ
Бүгінде ардагерлер аллеясында 167 сібір шыршасы жайқалып тұр. Жыл сайын толыққан жасыл желек кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің есімін ұлықтап, олардың еңбегін еске салатын орынға айналған.