«Жан қанаты» фестивалі өтті
Қызылжар ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін танытатын «Жан қанаты» фестивалі өтті. Талантты өнерпаздардың басын қосқан бұл шараның биылғы ерекшелігі неде? Әріптесім баяндайды.
«Жан қанаты» — туған өлкеміздің өнерпаздарын жан-жақты талантын шыңдайтын дәстүрлі шығармашылық фестиваль. Бұл жолы қатысушылар өз шеберліктерін үш номинация бойынша паш етті. Ауқымды шараның маңыздылығы туралы Қызылжар ауданы әкімінің мүгедектігі бар жандар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Марат Нұбаев БАЯНДАП БЕРДІ.
СНХ: МАРАТ НҰБАЕВ – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ
Фестиваль аясында сәндік-қолданбалы өнер көрмесі де ұйымдастырылды. Мұнда «Үздік шебер» номинациясы бойынша қолдан жасалған бірегей авторлық бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. Келушілер әртүрлі материалдан әзірленген ерекше туындыларды тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Аталған жиынға өнерін арқалай келген қатысушылардың бірі — Тастан Өскенбаев.
СНХ: ТАСТАН ӨСКЕНБАЕВ – ФЕСТИВАЛь ҚАТЫСУШЫСЫ
Жалпы, Қызылжар ауданында мүгедектігі бар 1000-нан астам азамат тұрады. Олардың қоғамдық өмірден тыс қалмай, белсенді болуы үшін шығармашылық әрі спорттық бағыттағы шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.