Қазақстан Конституциясы – сапалы білім кепілі
Қазақстанның қолданыстағы Конституциясында ғылым, инновация және білім беру қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды факторлар ретінде бекітілген. Мемлекет білім беру ұйымдарында бастауыш және орта білімді тегін алуға кепілдік береді.
Сонымен қатар жас ұрпақтың бойында Ата заңда бекітілген құндылықтар мектеп қабырғасында қалыптасады. Мәселен, №17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Мектеп директоры Ләззат Жалмұқанованың айтуынша, бұл бағыттағы тәрбие жұмысы білім беру үдерісінің маңызды бөлігі.
СНХ: ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА – №17 ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ