Су басу қаупінің уақытылы алдын алу және жою мақсатында «КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалы автомобиль жолдарын көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау шараларын жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде су өткізгіш құбырлардың 100 пайызы қардан тазартылған. Яғни серіктестік өзіне жүктелген міндетті толық атқарды.


«КАЖсервис» ЖШС ОБЛЫСТЫҚ филиалының бақылауында республикалық маңызы бар 1970 км автомобиль жолы және 607 су өткізгіш құбыр бар. Қазіргі таңда 122 жол учаскесін су басу қаупі БАР. Осыған орай серіктестік АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ АЯСЫНДА құм толтырылған қап, инертті материалдарды дайындап жатыр.


НИЯЗ САДЫҚОВ, «КАЖСЕРВИС» ЖШС СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз су басу қаупі бар жол учаскелеріне ескерту белгілерін орнаттық. Ең қауіпті аумақтардың бірі Шал ақын және Ғабит Мүсірепов аудандары. Жалпы су басу қаупі бар учаскелерінде қазіргі таңда 17 жедел бригада және 60 бірлік техника жұмыс істеуде. Сонымен қатар тағы қосымша 100 бірлік техникамыз бар. 


Биыл «КАЖсервис» ЖШС СҚОФ 50 жаңа жұмысшымен толықты және 24 техника сатып алды. Қазіргі таңда серіктестікте 350 адам жұмыс істейді.


СЕРГЕЙ САМБУРСКИЙ, ЖҰМЫСШЫ:

- Жұмыс көп, кешке дейін қар ШЫҒАРЫП ЖАТЫРМЫЗ. Мысалға бір су өткізгіш құбырды тазалауҒА 4-5 сағат уақыт жұмсаймыз. Біздің бригада 5 адамнан тұрады. Мен өзім бұл серіктестікке биыл келдім. Жұмысым өзіме ұнайды. Жалақым да көңілден шығады.


Биыл жауған қар нормадан 2-3 есе көп. Бұл өз кезегінде ағынды су деңгейінің өсуіне әкеліп соғады. Сол себепті «КАЖсервис» ЖШС мамандары автокөлік жүргізушілерін жылдамдықты сақтап кешкі уақытта қырағы болуға шақырады.