Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы шамамен 4,5 млн гектарды құрайды. Оның ішінде 3 млн гектардан астамы – дәнді дақыл, 760 мың гектар – майлы дақыл, 392 мың гектар – мал азығы дақылы, 6,5 мың гектар – картоп болса, көкөніс 1 мың гектардан астам жерге егілмек. Диверсификация аясында майлы дақылдардың көлемі 85 мың гектарға ұлғайтылады.

Көктемгі егіс жұмыстары сәуір айының соңында басталды. Бүгінгі таңда көктемгі егіс 273 мың гектарды құрайды, оның ішінде 196 мың гектарға дәнді дақыл, 71 мыңына майлы дақылдар егілді. Ауа райы қолайлы болса, егіс науқанын 1 маусымға дейін аяқтау жоспарланған. Бүгінде облыста 470 мың тонна сапалы тұқым бар, сондай-ақ 52 мың тонна элиталық тұқым сатып алынған. 52 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Көктемгі егіс жұмыстарына 12 мыңнан астам техника тартылмақ. Облыс аумағында көктемгі егіс жұмыстарын бақылау мақсатында арнайы жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Кең Дала 1 және 2» бағдарламалары бойынша 70 млрд теңге қаржыландырылды. Өткен жылғы қарыздар бойынша берешек жоқ. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 11,2 млрд теңге қаржыландырылды, форвардтық сатып алуға 7,4 млрд теңге бөлінді.